Павлодар полицейлері тыл ардагерлеріне алғыстарын білдірді
Павлодар полицейлері тыл ардагерлеріне алғыстарын білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні барлық ұрпақ үшін маңызды оқиға. Павлодар полицейлері үшін ардагерлерді қарттар күнімен құттықтау жақсы дәстүрге айналды.
Полиция департаментінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесі тыл еңбеккерлерін, ішкі істер органдарының ардагерлері Қабиден Жетпісовті, Мәдениет Арыновты және Төлеш Иманжапаровты құттықтады.
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев ардагерлерге сөз сөйлеп, қарттар күні баршаға арналған ерекше мереке – онда жылулық пен жылы лебіз, сүйіспеншілік пен қамқорлық бар екенін атап өтті.
Ол ардагерлерге ұзақ бақытты өмір, туыстары мен жақындарының сүйіспеншілігін тіледі.
Құттықтауға облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Абраев Бақберді Балтабайұлы қосылды.
– Тыл еңбеккерлері мен ардагерлер – көптеген өмірлік кезеңдерден сәтті өткен және үлкен еңбек тәжірибесі бар аңызға айналған адамдар. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккерлері жеңіске өз үлестерін қосты. Біз үшін сіздерді көңілді және қажымас, жігерлі және қартаймайтын жан ретінде көру абырой мен зор қуаныш, –деп атап өтті Бақберды Балтабайұлы.
Ардагерлер өздерінің өмір жолдары, Отан игілігі үшін қалай жұмыс істегендері, полициядағы қиын, бірақ қызықты қызметі туралы айтып, көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді қатысуға және жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеуге көмек көрсетуге дайын екендіктерін растады.
Кездесу соңында ардагерлерге азық-түлік себеттері сыйға тартылды.
Павлодар облысының полиция департаменті ІІМ ардагерлері мен аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасылық жылулық және барлық игіліктерді тіледі.