Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғындары полицейлерге алғысын жеткізді

Астана тұрғындары полицейлерге алғысын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полицейлерінің атына адал атқарған қызметі, қылмыстарды ашқаны, құқық бұзушылықтардың жолын кескені үшін күнделікті алғыс хаттар келіп түседі. Оң пікірлердің ішінде көп бөлігі учаскелік полиция инспекторларына арналған.

Мәселен Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына Nova City ТҮ кешенінің тұрғындары мен BI Service қызмет компаниясы ұжымынан алғыс хат келіп түсті.

Хатта тұрғындар департамент бастығының елордада тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдірген. Сондай-ақ № 41 уаскелік полиция пунктінің жұмысына дұрыс пікірлерін білдіріп, әсіресе тәртіп сақшысы Жандос Өсербаевты атап өткен.

– Ж. Өсербаев өзіне қарасты аумақтағы ұсақ-түйек қылмыстар мен заң бұзушылықтарды ашу былай тұрсын, өзінің риясыз қызметімен Отан алдындағы борышы, нағыз патриоттық іс-әрекеттерімен танылуда. Астана қаласы ПД басшылығы дұрыс кадрларды таңдай білетіндігіне тәнті болудамыз және осындай халыққа шынайы қызмет жасауға әрдайым дайын қызметкерлерді саптарыңызда көптен көргіміз келетіндігімізді қаперлеріңізге саламыз, – деп ризашылықтарын білдірген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру