Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер қоғам өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылады

СҚО-да полицейлер қоғам өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның күзгі отырысында полицейлер мен қоғам белсенділері ойын-сауық мекемелеріндегі заңдылықтың бұзылуы, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысының өсуіне қарсы күрес өзекті мәселелерін талқылады.

Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев 9 ай ішінде “102” арнасына қаланың дәмханалары мен барларының қызметіне байланысты 919 өтініш түскенін хабарлады. Ең басты мәселе – “соңғы келушіге дейін” жұмыс істейтін мекемелер. Полицейлер түнгі уақытта шақыртуларға жедел ден қою үшін автопатрульдерді көңіл көтеру орындарына жақындатады, демалыс және мереке күндері Бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп рейдтер өткізеді.

Консультативтік-кеңесші орган мүшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ойын-сауық орындарының иелерімен жұмыс кездесуін өткізіп, олардың міндетті түрде білікті күзеттің болуы мәселесін қарастыруға дауыс берді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадьяр Харипов жыл басынан бері облыста 575 интернет-алаяқтық тіркелгенін хабарлады. Полицейлер Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, еңбек ұжымдарымен кездесуді, билбордтар мен жапсырмаларға дейінгі көрнекі үгіт-насихат жұмыстарын пайдаланады.

Бүгінде көптеген солтүстікқазақстандықтар желілік алаяқтардың амалын шеше алады. Полиция қызметкерлері мен қырағы азаматтар 782 онлайн алаяқтық әрекеттерінің алдын алғаны белгілі болып отыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, халықтың 35% -ы несиелерден өз еркімен бас тарту қызметін пайдаланған, бұл кибер алаяқтардан қорғаудың сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Консультативтік-кеңесші орган мүшелері полицейлерді халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға шақырды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаровтың баяндамасында қаңтар айынан бері облыста 188 есірткі қылмысы, оның ішінде 102 өткізу фактісі тіркелгенін хабарлады. Бір есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 750 келіден астам есірткі алынды. Оның ішінде 5,8 келіден астам синтетикалық заттар. Қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институтының базасында ашылған синтетикалық есірткіні зерттеу жөніндегі зертхана енді есірткі қылмыстары бойынша тергеу жұмысын айтарлықтай жеделдетуде. Сондай-ақ Руслан Сапаров жастар, жасөспірімдер және ата-аналар қоғамымен профилактикалық жұмыс туралы айтып берді.

Консультативтік-кеңесші орган мүшелері полиция қызметкерлеріне өңірдегі жастарды түсіндіру жұмыстарымен толық қамтуды ұсынып, 2025 жылға арналған Петропавл қаласы бюджетінің жобасына нашақорлықтың алдын алуға қосымша қаражат енгізуді ұсынды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов консультативтік-кеңесші орган форматында жұртшылықтың қатысуы қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін кешенді шешудің маңызды аспектісі және “халық үніне құлақ асатын мемлекеттің” тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру