Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында семинар өтті

Атырау облысында «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды оқыту семинары өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараны «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, оған полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Раиса Зинелғабиденқызы, сондай-ақ психологтар мен заңгерлер қатысты.

Семинар барысында аудандық учаскелік полиция инспекторларына құқықтық тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары түсіндіріліп, тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу өтті. Әрбір адамның жеке жауапкершілігін күшейту және заңның сақталуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Семинар барысында зорлық-зомбылықтың алдын алуға белсенді атсалысқан полицейлерге арнайы сертификаттар табысталды.

Еске сала кетсек, Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамдағы қауіпті құбылыс екенін атап өтіп, оның алдын алу үшін заң мен тәртіптің қатаң сақталуы қажет екенін айтқан еді. Осы орайда, 15 сәуірде Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру