Елордада әмбебап дүкендердің біріндегі ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалды
Астанадағы әмбебап дүкендердің біріндегі ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полицейлер азық-түлік дүкенінің сөресінен шоколад қораптарын алып кеткен қызды анықтады.
Ұрлық «Анвар» супермаркетінде тіркелді, тауардың жоғалғанын сатушы-кеңесші анықтаған.
Дүкенде орнатылған бейнекамера қылмысты ашуға көмектесті. Полицейлер «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бейнежазбаны көріп, бұрын қаланың басқа аудандарында ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған елорда тұрғынын таныды.
Белгілі болғандай, қыз супермаркетке кіріп, оны ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, «Қазақстан» шоколадының 250 данасы салынған қорапты ұрлап, дүкенге 150 мың теңгеге жуық шығын келтірген.
Қаскүнем бұл әрекетті толығымен мойындап, ұрланған затты өтіп бара жатқан адамға сатқанын және түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.