Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жыл басынан бері 2 мыңнан астам иесіз жайылып жүрген мал қамалды

Ақмола облысының полиция қызметкерлері бақылаусыз мал жаюдың қауіптілігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу шараларын белсенді түрде жалғастыруда. Бұл бағытта мал иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, малдың иесіз жайылуын болдырмаудың маңыздылығы атап өтілуде.

Полиция автожолдар мен жайылымдарда рейдтік шаралар ұйымдастырып, қараусыз қалған жануарларды арнайы айыппұл тұрақтарына жеткізеді. Бүгінгі таңда өңірде 165 мамандандырылған қора жұмыс істеп, жыл басынан бері осында 2 мыңнан астам иесіз жайылып жүрген мал қамалды.

Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы негізінде 2240 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ережелерді сақтамағандар үшін 11 мың 76 теңге көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру