Абай облысында полиция қызметкерлері «Шәкәрім даналығы» әдеби квестінде жүлделі орын алды
Абай облысында полиция департаментінің қызметкерлері «Шәкәрім даналығы» әдеби квестінде жүлделі орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қазанда Абай музейінде Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Шәкәрім даналығы» тақырыбында әдеби квест өтті. Ұлы қазақ ақыны, философы және тарихшысы Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына арналған бұл іс-шарада Абай облысы полиция департаментінің «Сақшылар» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.
«Сақшылар» командасының құрамында Абай облысы полиция департаменті ТжКЖБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айгүл Ақпарова, Абай облысы ПД АСБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдана Қозыбаева, Семей қаласы ПЖ ТжКЖБ идеологиялық және психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ұлықбек Жанахмет, сондай-ақ Семей қаласы ПБ орталық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Райхан Ешимова болды. Команда мүшелері Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты өз білімдерін терең әрі жан-жақты көрсетіп, әділқазы алқасымен жоғары бағаланды.
Ұйымдастырушылар мен музей қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге қазақ әдебиеті мен тіліне көрсеткен құрметі және қолдауы үшін алғыс білдірді. Іс-шараның соңында «Сақшылар» командасы арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Мұндай мәдени іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің ұлттық мәдениетке және ана тіліміздің дамуына қосқан үлесін дәріптеп, қоғамдағы рөлін айқындай түсетіні анық.