Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорскіде кәмелетке толмаған баланың телефонын тартып алған күдікті анықталды

Степногорскіде кәмелетке толмаған баланың телефонын тартып алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласында 3 қараша күні кешкі сағат 19.30 шамасында полиция басқармасына жергілікті тұрғынның шағымы түсті. Оның айтуынша, 15 жастағы ұлының Redmi Note 12 Pro телефонын танысы ашық түрде тартып әкеткен. Шығын мөлшері – 160 мың теңге

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен қала көшелерінің бірінде кездесіп, телефонды күшпен тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көшедегі тонау оқиғаларының алдын алу үшін полиция қызметкерлері барынша сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру