Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау полициясы «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейд ұйымдастырды

Ұлытау облысының полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық акциясын жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік жұмыстардың 3 сағатында елді-мекендерді абаттандыру қағидалары бойынша 47 бұзушылық анықталды, бұзушыларға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.

Қоғамдық орындарды ластағаны үшін 36 жеке тұлғаға, 5 жеке кәсіпкерге, сондай-ақ «Сәт Тазалық» ЖШС-не қатысты 5 әкімшілік хаттама және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты 1 әкімшілік хаттама салынды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн. теңгені құрайды.

Атап айтқанда, Жезқазған қаласы бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 41 адам, қоғамдық орынды ластағаны үшін екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өңір әкімінің тапсырмасы бойынша абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау жұмыстары күшейтілді.

Облыста рейдтік іс-шаралар жүргізетін және күнделікті тексерілетін полиция нарядтарының саны артты: жеке сектор, көппәтерлі үйлердің аулалары, азаматтардың демалыс орындары, сондай-ақ жедел басқару орталығының бейнекамераларының көмегімен құқық бұзушылар бақыланады.

Халыққа, жеке кәсіпкерлерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына іргелес аумақтарды санитарлық тазарту қажеттілігі туралы ақпарат беріледі. Бастапқы жаза-бұл ескерту, егер бұзушылық уақытында шешілмесе, полиция қатаң заңды шаралар қолданады.

Полиция департаменті әрбір қала тұрғынын белсенді болуға, өз ауданының тазалығын қадағалауға және қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын сол үшін бөлінген орындарға тастауға шақырады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындардан келген хабарламаларға жауап береді.

Егер сіз тәртіптің бұзылғанына куә болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру