Биыл Алматыда табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан астам экологиялық нормалардың бұзылуы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қалада 19 табиғатты қорғау бекеті бар. Олар қаланың периметрі бойынша орналастырылған. Жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттерінде 25154 құқық бұзушылық анықталды.
Ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асатын автокөліктерді және басқа да жылжымалы көлік құралдарын пайдаланғаны үшін 25154 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айыппұлдың жалпы сомасы 437 млн теңгеден асты.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және жасылдандыруға бағытталған “Таза Қазақстан” жалпы республикалық бағдарламасы аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру шаралары жалғасып жатыр. Оның негізгі мақсаты – халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын дамыту.