Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтық бойынша іздеуде болған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

Алаяқтық бойынша іздеуде болған Жамбыл облысының тұрғыны көрші облыстан ұсталды, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздеуде жүрген Д.Г. есімді азаматшаны ұстады.

Аталған күдікті Жамбыл облысының Талас ауданында жергілікті тұрғындарды алдау арқылы бірқатар мүліктік қылмыс жасаған. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Күдікті өз кінәсін мойындап, оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Талас аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру