Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлеріне лудомания бойынша ақпарат берілді

Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлеріне лудомания бойынша ақпарат берілді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37, №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне №60 мекемесінің психологы Моншақ Маханова соңғы уақытта қоғамның дертіне айналған лудомания бойынша ақпарат берді.

Дәріс барысында жеке құрам қызметкерлеріне лудомания салдарынан біреу баспанасынан, көлігінен, тіпті ең жақын адамдарынан айырылатыны айтылды. Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойылады.

– Қазіргі таңда жастар арасында оңай жолмен ақша табу, құмар ойындарға қызығу сияқты мәселелер көп кездеседі. Біз құмар ойынның қандай орны толмас қайғы-қасіретке әкелетінін білеміз, көзбен көріп, құлақпен естіп те жүрміз. Сондықтан құмар ойындарға тәуелділіктен аулақ болыңыздар, – деді Моншақ Маханова.

Дәріс соңында психолог маман жеке құрам қызметкерлерінен анонимді сауалнама алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру