Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталғандарға ЖИТС инфекциясы туралы дәріс өткізілді

Алматыда сотталғандарға ЖИТС инфекциясы туралы дәріс өткізілді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 және №13 мекемелерінде 1 желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС инфекциясының таралу жолдары мен одан қалай сақтану туралы дәрістер өткізілді.

Мұндай маңызды іс-шараны №11 мекемеде «Равный-равному» мемлекеттік емес ұйымының жасөспірімдері өткізді. Олар аталған аурудың таралуына себеп болатын нашақорлық туралы дәрістер оқыды және шағын сахналық қойылымдар көрсетті. Ал жазасын өтеуші жасөпірімдер ЖИТС тақырыбына арнап салған қабырға газеттерін қорғап, сурет мазмұнын жан-жақты түсіндіріп берді.

№ 13 мекемеде Алматы қаласы ЖИТС орталығының мамандары мен №24 емхананың дәрігерлері жеке құрам мен сотталғандарға қан арқылы берілетін инфекциялық аурулар туралы дәріс оқып, толық ақпаратпен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру