Павлодар облысында полиция сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын талқылады
Павлодар облысында полиция сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша жұмыс кеңесі облыстық полиция ведомствосында полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың төрағалығымен өтті.
Жиынға полиция бөлімшелерінің басшылары мен жеке құрамы қатысты. Қатысушыларға осы жылы ҚР ішкі істер органдарындағы заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы ІІМ-нің шолуы жеткізілді. Сондай-ақ Павлодар облысы полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері қаралды.
– ІІМ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі меморандумға қол қойды, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл күшейтілуде. Министрлік ІІО қызметкерлері тарапынан заңдылықты бұзуға жол бермеу жөнінде қатаң қағидаттық ұстанымды ұстанады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде полицияның жұмысы оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан, әрбір заң бұзушы үшін жазаның сөзсіздігін қамтамасыз етуі тиіс, – деп атап өтті Василий Скляр.