Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер қараусыз қалған көліктерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді

Павлодарда полицейлер қараусыз қалған көліктерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда полицейлер аулалар мен автотұрақтарды ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған автокөліктердің бар-жоғын анықтау мақсатында тексерді. Профилактикалық рейд республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында өткізілді.

Павлодар қаласы полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, аулалар мен көшелерді аралап, ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз тұрған, қараусыз қалған белгілері бар немесе автотұрақ орындарын алып тұрған көлік құралдарына назар аударды.

Мұндай автокөліктер аулалардың сыртқы көрінісін бұзып қана қоймай, тұрғындарға қолайсыздық туғызуы, автотұрақ орындарына қолжетімділікті шектеуі және аумақты абаттандыру жұмыстарын қиындатуы мүмкін.
Иелері анықталмаған көлік құралдары бойынша тиісті шаралар қабылданып, олар мамандандырылған тұраққа орналастырылады.

Полицейлер автокөлік иелеріне көлік құралдарын күтіп ұстауға жауапкершілікпен қарауды және автокөліктерін ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдырмауды ескертеді. Қаладағы тәртіп пен тазалық әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру