Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД басшылығы патрульдік полицейлерге сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары туралы айтты

СҚО ПД басшылығы патрульдік полицейлерге сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары туралы айтты, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – құқық қорғау органдарының айнасы. Полицияның бұл бөлімшесі күнделікті қызмет барысында азаматтармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, заң талаптары мен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау бұл салада ерекше маңызды.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов облыстық патрульдік полиция батальонының басшылығы және жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді. Қызметкерлерге ІІМ құрылымындағы заңдылықтың жай-күйі туралы шолу жеткізілді.

Ол патрульдік полиция қызметкерлеріне қызметте және тұрмыста заң талаптарын қатаң сақтау қажет екенін айтып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан аулақ болуға шақырды.

– «Бармақ басты, көз қыстылықтың» кесірі сіздердің қызметтеріңізге тиеді, болашақта балаларыңыздың мемлекеттік қызметке орналасуына да кедергі келтіреді, олардың болашағын ойлаңыздар. Заң бұзушылықтарға, оның ішінде полиция қатарындағы фактілерге мүлдем төзбеушілік – бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың басты шарты, – деп атап өтті Ысмағұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру