Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жас сақшылар патриоттық бейнебаян түсірді

Қызылорда облысы Сырдария ауданында ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың атындағы №131 орта мектеп жанынан ашылған «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілері полиция қызметкерлерімен бірге танымал әнге бейнебаян түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ерекше жобаның басты мақсаты – жастар арасында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті насихаттау.

Бейнебаянның идеясы мен мазмұны жастарды әлеуметтік жауапкершілікке, тәртіп пен мәдениеттілікке шақырады. Ән арқылы оқушылар өздерінің маңызды қоғамдағы рөлін сезініп, жауапкершілікті арттыруды мақсат еткен. Бейнебаянның әрбір кадры жол қозғалысы ережелеріне, тазалықты сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ойлы әрі әсерлі хабарламалармен толтырылған. Бейнебаян облыс тұрғындарына және мектеп оқушыларына маңызды құндылықтарды дәріптеу мақсатында түсірілген.

«Жас сақшы» сыныбы ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ол бірінші кезекте патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда оларға көмек көрсетуге бағытталған. Жас тәртіп сақшылары өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, құрдастарына үлгі көрсетті.

Айта кетерлігі, 6 мамыр күні Сырдария ауданынан №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп жанынан ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың атымен «Жас сақшы» сыныбы құрылды. Мектептің «Жас сақшылар» сыныбына 8-сынып оқушылары жасақталып, сынып құраманы 15 оқушы кірді.

Бұл сыныптың ашылу мақсаты – қаһарман ұл есімін жаңғырту, өскелең ұрпаққа насихаттау, жас сақшылар жасағын құру және патриоттық сезімін ұялату. Жас сақшылар сыныбы ашылғалы Сырдария аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, бірнеше қоғамдық шаралар көрініс тауып келеді. Бұл сынып толықтай бірыңғай үлгідегі формамен және құжаттармен толықтырылып, оқушы бойына темірдей тәртіпті насихаттау үшін бірнеше түсіндірме жұмыстары жасалып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру