Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан ІІМ басшысы Әзірбайжанның Ішкі істер министрімен кездесті

Әзірбайжан Ішкі істер министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен Қазақстанның полиция ведомствосында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ержан Саденов пен Вилаят Эйвазов қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа, экстремизм және басқа да қатерлерге қарсы күрестің басым мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар қызметтің көптеген бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті.

Жедел ақпарат алмасу және оң жұмыс тәжірибесімен бөлісу бойынша серіктестікті дамыту перспективалары айқындалды.

Сондай-ақ іс-шара аясында Әзірбайжан ІІМ делегациясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қолданылатын цифрлық шешімдермен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің министрлері хаттамаға қол қойды, онда қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар нақтыланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру