Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мас жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында басқару құқығынан айырылған жүргізуші ауыр мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қаңтар күні түнгі сағат екі шамасында Ақмола облысы полиция департаментінің Атбасар қаласындағы патрульдік полиция взводының қызметкерлері күдік тудырған ВАЗ 21101 автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 49 жастағы жергілікті тұрғын болған.

Медициналық куәландыру жүргізушінің ауыр дәрежелі алкогольдік мас күйінде екенін көрсетті. Сонымен қатар тексеріс барысында оның 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан бір жылға айырылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салады. Мас күйінде көлік басқару – тек жүргізушінің ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретін әрекет.

Барша азаматтарды жауапкершілік танытып, жол ережелерін қатаң сақтауға және алкоголь тұтынғаннан кейін көлік басқарудан бас тартуға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру