Абай облысының 310 тұрғыны тұрғылықты жерін ауыстыру бойынша құжаттарды ресімдеу қызметін пайдаланған
2024 жылы Абай облысының 310 тұрғыны басқа елдерді тұрақты тұрғылықты жер ретінде таңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кету үшін құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылы Абай облысының 310 тұрғыны Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кету үшін құжаттарды ресімдеу қызметін пайдаланған. Тұрақты тұрғылықты жерге көшудің ең танымал бағыты Ресей болды, оған 284 адам аттанды. Германияға 15 азамат кетті, ал АҚШ облыстың 4 тұрғыны үшін жаңа мекенжайға айналды. Греция, Италия, Қырғызстан және Францияға бір-бірден өтініш қабылданды. Сонымен қатар 3 адам Беларусь елінде тұрақты тұруды шешті.
Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінуі қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш-сауалнама.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты.
3. Алимент төлеу туралы келісім (ажырасқан жағдайда), егер Қазақстан аумағында кетушінің отбасы мүшелері тұрақты тұрса.
4. Қорғаншылық органдарының қорытындысы.
5. Мемлекеттік бажды төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі (1 АЕК – 3 932 теңге).
Абай облысы полиция департаменті барлық қажетті құжаттарды толық тапсыру мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеделдететінін еске салады.