Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты

Ақмола полицейлері өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың 20 қарашасында Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшысынан жанармай картасы ұрланды деген арыз түсті.

Анықталғандай, 2024 жылдың қыркүйегінде белгісіз адам дизель отынына арналған картаны ұрлап кетіп, кәсіпорынға 17 млн 288 мың теңге шығын келтірген. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын осы кәсіпорында жұмыс істеген Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру