Жетісу облысында синтетикалық есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Жетісу облысында синтетикалық есірткі сақтаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алакөл ауданының Үшарал қаласында синтетикалық есірткі сақтаған 33 жастағы күдікті ер адам ұсталды.
Күдіктіден жалпы салмағы 4,71 грамм болатын 10 дана қызыл және қара түсті изолентаға оралған, сондай-ақ 1 дана целлофанға салынған ақ түсті ұнтақ заттар тәркіленді. Бұл заттар мефедрон және «а-PVP» синтетикалық есірткілері мен олардың прекурсорлары екені анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жалғасуда.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды заңсыз есірткі айналымының алдын алуға көмектесуге шақырады. Сондай-ақ есірткіге байланысты күдікті әрекеттер туралы ақпарат болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды ескертеді.