Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да қорытынды кеңес өтті

Қостанай облысы ПД-да ҚР ІІМ ӘПК төрағасының қатысуымен қорытынды кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде өткен жылдың нәтижесі бойынша өңірдің жұмысына талдау жасалған қорытынды кеңес өтті. 

– Жалпы динамика оң нәтижені көрсетіп тұр. Мәселен, қылмыстар саны 13% – ға төмендеген, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтар саны азайды, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жағдай жақсарды, – деп атап өтті полиция департаментінде.

Жұмыстың маңызды бөлігі жол қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалану болды. Атап айтқанда, бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің жылжымалы кешендері 47 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға көмектесті.  Бұл өз кезегінде жүргізушілердің тәртібіне оң әсер етті.

Кеңес барысында Қазақстан ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеткізді. Онда құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою қажеттігіне назар аударылды. Бұл үшін полиция қызметкерлеріне барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

Кеңес қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігі басшысының қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру