Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ҚАЖД қызметкерлері донорлық қан тапсырды

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің қызметкерлері сүйек кемігі ауруы бар адамдарға донор болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері «гемопоэтикалық дің жасушаларына донор бол да, өмірді сақтап қал» акциясына қатысты. Іс-шараның мақсаты – қан қатерлі ісігі, қанның ауыр аурулары, иммун тапшылығы жағдайлары сияқты диагноздары бар адамдарға көмектесу.

Гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тізіміне енуге ниет білдірген 20-ға жуық қызметкер болды. Акцияға 20-45 жас аралығындағы мекеменің қатардағы қызметкерлер және мекеменің басшылық құрам қызметкерлері де қатысты.

– Дің жасушаларын жинаудың тағы бір тәсілі - арнайы құрылғының көмегімен перифериялық қанды шынтақ венадан алу, ол арқылы донордың барлық қаны өтеді, қажетті жасушалар бөлек стерильді ыдыста таңдалады, ал қанның қалған бөлігі донорға қайтарылады. Донор үшін дің жасушаларын жинаудың бұл процедурасы қауіпсіз және жалпы анестезияны қажет етпейді, – деп түсіндірді Абай облыстық қан орталығының донорларды іріктеу бөлімінің терапевті Сәуле Тұрарова.

– Бүгін біз тамаша іс-шара өткіздік. Адамның өмірін сақтап қалудың нені білдіретінін түсінетін қамқор қызметкерлер көп болды, енді біз сүйек кемігі донорлығы туралы білдік және потенциалды донорға айналдық, бәлкім, болашақта біз нағыз донор болып, біреулерді ажалдан құтқарып, толық сауығып кетуіне мүмкіндік бере аламыз,  – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру