Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

Павлодар облысының тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне тағы бір мәрте көз жетті. Бұл туралы Наталья Анисимова есімді тұрғын өз алғысын білдіріп, әлеуметтік желідегі @op.aksu парақшасының хабарламалар бөліміне жазды.

- Біздің қалада полиция қызметінің жедел әрі жоғары кәсібилікпен жұмыс істейтінін дәлелдейтін оқиға болды. Бауыржан Мұстафин, Мақсұт Абдурахманов, Айтуған Қанапиянов және Серік Әбілдиновке әділдікті қорғаудағы табандылығы мен шұғыл әрекеті үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ақсу қаласындағы аулалардың бірінде мені көлік соғып, оқиға орнынан қашып кетті. Нәтижесінде дене жарақатын алдым. Мұндай жағдайдың шешілмей қалуы мүмкін еді, алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында құқық бұзушы келесі күні табылып, жауапқа тартылды. Бұл – олардың өз жұмысына бей-жай қарамай, адал қызмет атқаратынының айқын көрінісі. Сонымен қатар осындай жоғары деңгейдегі мамандарды тәрбиелеп, қолдайтын полиция басшылығына да алғысымды білдіремін, – деп жазады Наталья.

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының ел алдындағы адал қызметі мен кәсібилігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру