Алматыда полиция мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берді
Алматыда полиция мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған іс-шаралардың келесі кезеңі бұл жолы Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №6 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті.
Біздің бөлімше қызметкерлері оқытушылармен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру әдістерін талқылап, әзірледі. Талқыланған мәселелер, жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттер, компьютерлік ойындар және т.б.
- Сондай-ақ іс-шара барысында балалар арасында қоғамдық орындарда, демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарына және ата-аналардың балаларын қадағалау жауапкершілігін арттыруға баса назар аударылды. Айтпақшы, өткен жылы қаладағы білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына 250-ден астам тақырыптық дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды, - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.