Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция оқушыларға профилактикалық дәріс өткізді

Полиция "Жасулан" лицейінде нашақорлық пен қылмыстық жауапкершілік туралы профилактикалық дәріс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Гаухар Еспаева және Равиль Серікболсынов "Жасулан" мамандандырылған лицейінің оқушыларымен кездесу өткізіп, профилактикалық дәріс оқыды.  

Кездесудің негізгі тақырыбы – есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік болды. Полиция қызметкерлері жастарға ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген есірткі қылмыстарының түрлері, олардың салдары және заң бойынша қандай жаза қарастырылғанын егжей-тегжейлі түсіндірді.  

Дәріс интерактивті форматта өтті – оқушылар белсенді қатысып, жазалау шаралары, сондай-ақ нашақорлыққа тәуелді болғандар үшін оңалту мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Лекторлар қызметтік тәжірибеден нақты мысалдар келтіріп, есірткінің қандай қайғылы жағдайларға алып келетінін көрсетті.  

Есірткінің адам ағзасына және психикасына әсері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, оның тек тұтынушының ғана емес, оның отбасы, достары және қоғам үшін де зиянды салдары туралы айтылды. Полиция қызметкерлері есірткі айналымының жастар болашағына төндіретін үлкен қауіп екенін ерекше атап өтті.  

Кездесудің соңында тәртіп сақшылары оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, сақ болуға және есірткіге байланысты арандатушылықтарға бой алдырмауға шақырды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болатын сенім телефондары мен мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан есірткі қылмысымен күрес бағдарламалары туралы еске салды.  

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Әр жасөспірім түсінуі тиіс: есірткі – бұл жай ғана зиянды әдет емес, ол заңмен, денсаулықпен және әлеуметтік оқшауланумен байланысты үлкен мәселелерге апаратын тура жол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру