Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция қызметкерлері оқушылармен құқықтық сауаттылыққа арналған кездесу өткізді

Полиция Абай облысында оқушылармен құқықтық сауаттылыққа арналған кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Семей қалалық полиция басқармасының өкілдері №42 жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен маңызды профилактикалық кездесу өткізді.

Жиынға 8-11 сынып оқушылары қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, ұрлық, төбелес, буллинг пен кибербуллингтің қауіпті салдары туралы баяндап, зиянды заттарды қолданудың зардаптары мен нашақорлықтың алдын алу жолдарын талқылады.

Мектеп әкімшілігі мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен тәртіпсіздік пен жанжалдың алдын алу, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеу бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің тиісті баптары таныстырылып, заң талаптарын сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Осындай кездесулердің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру