Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жас жігіттен 100-ден астам вейп тәркіленді

Ақтөбеде полицейлер вейптерді заңсыз сатуды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері теміржол вокзалының алдындағы тұрақта Opel Astra көлігін тоқтатты. Автокөлікті 21 жастағы ақтөбелік басқарған. Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде полицейлер 102 электронды темекіні тапты.

Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп) айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жас жігіт вейптердің сату үшін сатып алғанын түсіндірді. Оған 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе елу күнге дейін қамауға алу қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру