ШҚО-да колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізудің екі дерегі анықталды
ШҚО-да колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізудің екі дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысында ҚР ІІМ ҚАЖК №17 және №18 мекемелерінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған екі әрекеттің жолын кесті.
Бірінші жағдайда, түнде №18 мекемесінің іргелес аумағында 10-нан астам ораманы өткізуге тырысқан ер адам ұсталды.
https://youtube.com/shorts/TVWYR-0XnLo?si=0osJ5ZQSftft6Pd5
Жеке тінту кезінде одан өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 12 орама, сондай-ақ фонаригі бар тұтандырғыш табылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Мамандардың алдын ала мәліметтері бойынша, бұл кептірілген марихуана.
Операцияға 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері, кинологиялық қызмет, сондай-ақ АІІБ және мекеменің жедел-режимдік бөлімінің өкілдері қатысты. Оқиға орнына Шемонаиха ауданы АІІБ жедел-тергеу тобы шақырылды.
Екінші жағдайда, №17 мекемесінде 5 орамы бар 3 курс студенті ұсталды, олардың ішінде телефондар мен керек-жарақтар болған. Екі заң бұзушы да жауапкершілікке тартылады.
Есірткі тасымалдаушыға – қылмыстық, студентке – әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері түзету мекемелерінде тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастыруда.