Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер студенттерге ашық есік күнін өткізді

Түркістан облысында полицейлер студенттерге ашық есік күнін өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық жоғары көпсалалы медициналық колледжінде студенттер арасында құқықтық тәрбиені арттыру мәселелеріне арналған ашық есік күні өтті. Оған жергілікті полиция қызметінің, прокуратураның, білім басқармасының, Әділет органдарының және ювеналды соттардың қызметкерлері қатысты. 

Полицейлер "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде құқыққа қарсы іс-қимылдардың теріс салдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы айтты.  Жастарды қоғамның жауапты және саналы мүшелері болуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Кинологтардың қызметтік иттермен көрсеткен жаттығуы жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. 

Айта кетейік, ашық есік күні Түркістан облысының барлық білім беру мекемелерінде өткізіледі. Бұл іс-шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және Заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Өз кезегінде полицейлер мұндай іс-шаралар полиция мен халық арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететінін жеткізеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру