Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті

Павлодарда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы Жоғары Инновациялық көпсалалы колледжінде «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі: қазіргі заманның сын-қатерлері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға облыс колледждері басшыларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында Павлодар облысы полиция департаментінің аға инспекторы Бибігүл Қамзина жасөспірімдер жасаған қылмыстар туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі, сондай-ақ бұл құқық бұзушылықтардың салдары туралы егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

Бибігүл Қамзина қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдерге әрдайым қауіп-қатер төнетінін атап өтіп, жасөспірім қылмыскерлерінің мәселесі ең күрделі және даулы сұрақтардың бірі болып табылатынын айтты. Өкінішке орай кейде жасөспірімдер заңсыз әрекеттердің ауыр салдарын түсінбейді. Осыған байланысты ювеналды полиция қызметкерлері мен педагогтар жас ұрпақты қорғау шараларын үнемі кеңейтіп, балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәуекел топтарын анықтап, олармен жұмыстарын жүргізуде.

Инспектордың айтуынша, негізгі міндет — түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әрбір білім беру ұйымында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналды полиция инспекторлары бекітілген, олар қауіпсіздік ережелерін, жолдардағы, әлеуметтік желілердегі тәртіп ережелерін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынасты түсіндіреді. Ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі, өйткені қылмыстың негізгі себептері көбінесе ата-аналардың бақылаудың болмауы, жанжалдарды шешу дағдыларының жетіспеушілігі болып табылады.

Бибігүл Қамзина әлеуметтік пайдалы еңбекпен айналыспау, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдалану, әдепсіз тәртіптің балалардың қоғамдағы салауатты даму құқығынан айыруы мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар тәрбие және түзету шараларына баса назар аударылды. Педагогтар балалардың психологиялық ахуалын дұрыс қалыптастырып, оларды өз өмірі мен денсаулығына құндылық қатынасын тәрбиелеуге, дұрыс қарым-қатынас орнатуға және қорлау көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ерекше назар аударуы қажет.

Болашақта жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын болдырмау үшін педагогикалық көмек көрсету өте маңызды. Бұл шаралар жасөспірімдердің қоғамға жат тәртіпке бейімделуінің алдын алып, олардың салауатты дамуына ықпал етеді.

Шараның қорытындысында барлық қатысушылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру