Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында Шардара ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Белгілі болғандай, күдікті жергілікті жердің жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Ол түнгі сағат 01:00 шамасында бөтеннің үй жайына заңсыз кіріп, қорада тұрған екі қойын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған. Ертесіне ұрланған малды сатып жіберген. Жәбірленушіге 150 мың теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері бұдан бөлек күдіктінің дәл осылай мал ұрлығының 3 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Ер адамның айтуынша, ол өз қарызын жабу үшін ұрлыққа барған. 

Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру