Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында алаяқтық жолмен 2,7 млн теңге қаражатты иемденген күдікті анықталды

Жамбыл облысында алаяқтық жолмен 2,7 млн теңге қаражатты иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп 2,7 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні анықтады.

Белгісіз тұлға өзін техникалық жабдықтау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге бөліп төлеу арқылы тауар рәсімдеп беруді сылтауратып, екінші деңгейлі екі банктен 1 200 000 және 1 559 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды.

Қазіргі таңда жәбірленушіге материалдық залал қайтарылып, тергеп-тексеру аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру