Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Игі істер адамды өзгертеді

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекемесінде жазасын өтеушілер жыл сайын көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырған. Олар өз қолдарымен балаларға арналған бұйымдар дайындап, қамқор болуға тырысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамға пайдалы іс жасау - адамгершіліктің үлгісі.

- Балаларға арнап жасаған бұйымдарымыз олардың жүздеріне қуаныш ұялатса, біз үшін одан асқан бақыт жоқ, – дейді тәтті гүл шоқтарын жасауға атсалысқан сотталған.

Әлеуметтік қолдауға бағытталған осындай шараларға Долинка кентінің әкімдігі де белсенді түрде қатысады. Әсіресе, мереке күндері мекеме ұжымы мен сотталған азаматтар аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, қайырымдылық акцияларына белсене атсалысады. Игі бастамадан тыс қалмай, жақсылыққа үлес қосқан қатысушылар Долинка кенті әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

— Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін күш. Бұл шаралар сотталғандарды жауапкершілік пен ізгілік қасиеттерін дамытуға ынталандырады, – деп атап өтті №36 мекеме бастығының орынбасары Арман Кошкинов.

Мұндай бастамалар түзету мекемесіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың жүрегіне жылу ұялатып, жақсылық жасауға деген құлшыныстарын арттыра түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру