Павлодарда Блонди атты сүйкімді лабрадор полицейлердің көңіл-күйін көтерді
Павлодарда Блонди атты сүйкімді лабрадор полицейлердің көңіл-күйін көтерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әріптестерін ерекше құттықтауды жөн көрді. Бұл күні төрт аяқты джентльмен, Блонди есімді сүйкімді лабрадор, арнайы тапсырма бойынша погондағы ханымдарға жақындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Блонди әдемі әйелдерге гүлдер ұсынып, көңіл-күйлерін көтерді.
Бұл ерекше құттықтау шарасы нәзік жандыларды қатты қуантты. Әріптестерінің сыйлығынан олардың эмоциялары мен қуаныштары шексіз болды. Блонди өз кезегінде, сүйкімді қылықтары мен әзілқой мінезімен ханымдармен қуана-қуана сөйлесіп, құйрығын бұлғап, көңілді кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар қызметкерлер Блондимен бірге естелік суретке түсіп, оның сүйкімділігіне тәнті болды.
Блонди 8 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Ол оқиға орнында иісті анықтау бойынша өзінің кәсіби дағдыларын көрсететін шебер маман. Алайда, оның басты ерекшелігі – жануарлардың ерекше сезімталдығы мен мейірімділігі. Жақсы көру, есту, күш-қуат, төзімділік және қорғаныс реакциясы оның бойында толық қалыптасқан.
Павлодар облысының полиция департаменті көктемгі мереке қарсаңында барлық нәзік жандыларға сүйіспеншілік пен жылулық тілейді. Өміріңіз әрдайым тосын сыйларға, гүлдерге, жағымды әсерлер мен қызықты оқиғаларға толы болсын!