Велосипед ұрлап, сатып жіберген: Түркістан облысында ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Түркістан облысы Шардара ауданының полиция қызметкерлері ұрлық қылмысына күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам күндізгі сағат 12:00 шамасында үй иесінің жоқтығын байқап, бөтеннің үйіне жасырын ұрлыққа түскен. Ол қоршаудан секіріп өтіп, сарайдың терезесін сындырып, ішке кірген.
Содан құны 60 мың теңге тұратын STELS велосипедін жұмысқа жетіп алу үшін жымқырып кеткен. Содан кейін күдікті ұрланған велосипедті 5 мың теңгеге сатып үлгерген.
Полицейлер ұрланған затты айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның басқа пәтер ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.