Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да 8 наурызға орай салтанатты іс-шара өтті

СҚО бойынша ҚАЖД-да 8 наурызға орай салтанатты іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы мен басшылығы көркем жандыларды шуақты көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, салтанатты іс-шара өткізді. Өздерінің жастық шақтарын Отанына қызмет етуге арнаған қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің әйелдері мен аналары, сондай-ақ басқа да өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың өкілдері де назардан тыс қалмады. Департамент бастығы Мұрат Нәкенов құттықтау сөз сөйлеп, сотталғандармен жұмыс істей отырып, ер адамдармен тең дәрежеде қызмет атқаратын әйелдердің батылдығы мен жанқиярлығын ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында 90-нан астам асыл жанды арулар медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Осылайша, бірқатар қызметкелер ішкі істер Министрінің бұйрығымен "Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" және "Мінсіз қызметі үшін"  төсбелгілерінің, ҚР ІІМ алғыс хаттарының, құрмет грамоталарының иелері болды. Төрт қызметкерге басшы және орта басшы құрамның арнаулы атақтары берілді. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен мекемелердің бірқатар әкімшілік қызметшілері мен қызметкерлердің аналары марапатталды.

Департаменттің ҚАЖ ардагерлері Тамара Яковенко мен Мара Ауткенова ардагерлер ұйымдарының жұмысына және жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін қазақстандық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер Кеңесі Төралқасының грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар ведомстволық бағынысты мекемелер мен пробация қызметтері бөлімдерінен 8 қатысушы "Жауынгер ару - 2025" байқауының қорытындысы шығарылды. Барлық қатысушыларға дипломдар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру