Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметін басқарған қайсар ару

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, көктемнің шуақты мерекесі көптеген әйелдер үшін ерекше күн болғанымен, кейбір нәзік жандылар бұл күні де қызметке деген жауапкершілікті ұмытпайды. Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның Әуезов аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы  Жанбота Сайпилмулик әйелдерге тән жұмсақтық пен қамқорлықты ұстанып, пробациялық бақылауға алынған сотталған әйелдермен жұмыс істей отырып, қоғамға пайдасын тигізуді мақсат етеді. Ол туралы Polisia.kz сайты аз-кем мағлұмат беруді жөн көрді. 

Жанбота Сайпилмулик басқаратын пробациялық бақылау қызметінде 400-ге жуық сотталған адам пробациялық бақылауға алынған. Ол ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұған дейін әйелдер колониясында және балалар колониясында жұмыс істеген оның сотталғандармен жұмыс істеу тәжірибесі өте бай.

- Сотталғандармен жұмыс істеудің қиындығы мен жауапкершілігі үлкен, ал пробациялық бақылау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру біліктілікті талап етеді. Күнделікті жұмыс үрдісін қадағалау, жеке құрамның тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды шешімдер қабылдау – бұл менің міндетім, әрі үлкен жауапкершілік. Мейрам күні пробациялық бақылауға алынған сотталған әйелдерді де қуантуды мақсат тұтамыз. Әйелдер қандай жағдайда да әйел ғой. Дөңгеленген дүниеде шалыс басқан әйелдерге деген пейілімізді тарылтпай, керісінше, оларға қамқорлық көрсетіп, қоғамға пайдамызды тигізуіміз керек, – дейді Жанбота.

Қаталдықты талап ететін қызметті нәзік, аймақтай арулар да абыроймен атқарып келеді. Жанбота Сайпилмулик сияқты арулар қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жолында өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру