Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда әйелдер арасында жауынгерлік қарудан оқ ату жарысы өтті

Атырауда әйелдер арасында жауынгерлік қарудан оқ ату жарысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінде жауынгерлік қарудан ату жарысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара нәзік жандылардың шеберлігі мен төзімділігін сынауға бағытталып, сондай-ақ полиция қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.

Жарысқа департамент пен қалалық басқармалардан 24 қызметкер қатысып, өздерінің ату шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Жанар Елешова I орынды иеленіп, үздік атанды. II орын Тергеу басқармасының қызметкері Лаура Ханға, ал III орынды Криминалдық полиция бөлімінің қызметкері Айназ Күреңбаева қанжығасына байлады.

Жарыс соңында Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері жүлдегерлер мен барлық қатысушыларды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру