Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері Амал мерекесін атап өтті

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37, 68 мекемелерінің қызметкерлері дәстүрлі Амал мерекесін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ізгілік пен бірліктің символына айналған бұл мейрам аясында мекеме қызметкерлері бір-бірін Наурыздың жаршысы саналатын Көрісу күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Мекемелердің кадр саясаты тобы мереке аясында арнайы шара ұйымдастырып, әріптестерге құрмет көрсетіп, игі тілектерін арнады. №68 мекеме қызметкерлері мерекелік сый ретінде бір-біріне құрма мен су ұсынса, №37 мекемесінің қызметкерлері бірі- біріне жылы лебіздерін білдірді.

Амал мерекесі – адамдар арасындағы татулықты, сыйластықты арттыратын ерекше мейрам. ҚАЖ департаментінің қызметкерлері де бір-біріне жылы лебіздерін айтып, амандық-саулық тілесті. Мұндай шаралар ұжым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз.

- Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту – өте керемет бастама! Бүгінгі Амал мерекесінде бір-бірімізге жылы тілектер айтып, ерекше көңіл-күйде болдық. Осындай шаралар ұжым ішіндегі бірлікті нығайтып, наурыздың шынайы рухын сезінуге мүмкіндік береді, - деді №37 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Замира Бостанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру