Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция күзет фирмаларының қызметін тексерді

Қостанай облысында полиция білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет фирмаларының қызметін тексерді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тобыл өңірінде білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет фирмаларының қызметін тексеруге бағытталған іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталды.

Қостанай облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Қайрат Шакупов хабарлағандай, күзет қызметін жүзеге асыратын 181 субъект полицияда есепте тұр. Осы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі шеңберінде білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет фирмаларына қатысты жоспардан тыс тексерулер ашылды.

Тексерулердің мақсаты білім беру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар полиция, білім беру мекемелері мен күзет ұйымдары арасында өзара іс-қимылды жолға қою болды.

Жұмыстың маңызды аспектісі ықтимал террористік қауіп-қатерлерге ден қою бойынша уақытылы және нақты шаралар қабылдау, сондай-ақ білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстап тұру болды.

Көшпелі тексеру барысында полиция қызметкерлері облыстың түрлі өңірлерінде болып, білім бөлімдерінің басшыларымен және мектеп директорларымен кездесулер өткізді. Күзетшілердің күзет қызметі олардың қырағылығы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін де тексерілді.

Тексеру нәтижелері бойынша бірнеше өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, лицензиялау нормаларын сақтаудағы проблемалар, сондай-ақ күзетшілерге арнаулы нысанды және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттарды киюге байланысты талаптар анықталды.

Бұзушылықтарға жол берген күзет фирмаларына қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. 

Болашақта полиция қызметкерлері білім беру объектілерінде қауіпсіздік талаптарының тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету үшін күзет фирмаларының қызметіне мониторинг жүргізуді жалғастырады.

Бұл іс-шаралар мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі саналады. Бұл процесте қауіпсіздік фирмалары шешуші рөл атқарады және полиция ықтимал қауіптердің алдын алу және Қостай облысындағы білім беру мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін барлық нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылауды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру