Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция мас күйде мотоцикл басқарған азаматты ұстады

ШҚО-да полиция мас күйде мотоцикл басқарған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үлкен Нарын ауылында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде мотоцикл тізгіндеген жүргізушіні тоқтатқан. Сондай-ақ тексеру нәтижесінде 20 жастағы азаматтың көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде масаң күйде көлік жүргізгені үшін 75 әкімшілік хаттама толтырылған.

Тәртіп сақшылары көлік құралын масаң күйде басқару адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және өзінің де, өзгенің де өмірін қауіп-қатерге тікпеуге шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру