Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысында бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Арыс ауданында полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында мал ұрлығымқылмысына қатысы бар 22 жастағы күдіктіні ұстады.

Яғни күдікті түнгі уақытта тұрғынның қорасынан екі қой мен бір қозыны көлігіне тиеп әкетіп, қылмыс орнынан жасырынған. Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажетіне жұмсаған.

Полиция қызметкері күдіктінің бұдан бөлек мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеге жуық.

Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру