Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі анықталды
Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолының 476-шақырымында Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды.
26 жастағы ер адамның жалған мемлекеттік нөмірлі көлікті басқарғаны белгілі болды.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды
Көлік айып тұрағына қойылды.