Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында тәртіп сақшылары жоғалған баланы анасына қайтарды

Атырау облысында тәртіп сақшылары жоғалған баланы анасына қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өткізілетін республикалық "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер жоғалып кеткен баланы жедел тауып, ата-анасына қайтарды. 10 сәуір күні сағат 18:29-да 102 нөміріне қала тұрғыны 6 жасар ұлының жоғалып кеткені жөнінде хабарласқан. Анасының айтуынша, бала балабақшадан үйге қайтып келе жатқанда Азаттық даңғылы бойында көзден таса болып кеткен.

Іздестіру жұмыстарына бірден ювеналды полиция мен жедел басқару орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Ювеналды полиция инспекторы  Нұрмұхан Ұзақбаев пен видеоинспектор капитан Жандос Ерғалиев бейнекамера жазбаларын тексеріп, жақын маңдағы аумақты қарап шыққан. Полицейлердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында баланың жүрген жері тез анықталып, ол аман-есен анасына қайтарылды.

Бұл оқиға "Жасөспірім" іс-шарасының тиімділігін көрсетіп, полицейлердің балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысының маңыздылығын тағы да дәлелдеді. Ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру