Қостанай академиясында курсанттар ардагермен кездесті
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қостанай ішкі істер академиясында курсанттар ардагермен толғандырарлық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
1928 жылдың 10 сәуірінде дүниеге келген Леонид Васильевич – бала кезінде соғыс зардабын басынан кешірген аты аңызға айналған адам. Ол – Освенцим концлагерінің жас тұтқыны, зениттік батальон құрамында шайқасқа қатысқан жауынгер және көптеген марапаттардың иегері.
Леонид Васильевич курсанттармен соғыс өрті шарпыған жылдар туралы, кеңес халқының ерлігі мен төзімділігі жайлы естеліктерімен бөлісті. Оның әңгімесі – жүректен өткен тарих сабағы, болашақ құқық қорғаушыларды Отанға адал қызмет етуге және ата-баба ерлігін ұмытпай, оны ұлықтауға рухтандырды. Рухы биік жанмен кездесу – курсанттардың жүрегінде мәңгі сақталатын баға жетпес өмірлік тәжірибе.