Түркістан облысында қаруды тапсыру акциясына байланысты брифинг өтті
Түркістан облысында заңсыз қаруды тапсыру акциясына байланысты брифинг өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Абдулла Аманбаев “Халықтан заңсыз сақталудағы қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акцияны өткізу туралы” брифинг берді.
Айта кетсек, осы жылдың 21 сәуірінен бастап, облысымызда халықтан заңсыз сақтаудағы қару-жарақ құралдарын сатып алу жөніндегі акция өткізіледі. Сондықтан жергілікті тұрғындар қолдарыңызда еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, полицияға өткізіп, сыйақыға ие болсаңыз болады. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.