Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда

Алматыда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Медеу ауданы аумағында әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындарға жолдан өту ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жергілікті халыққа жол қозғалысы ережелері, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен олардың ауыр салдары туралы жазылған жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жасөспірімдер мен жастар арасында рұқсат етілмеген жерлерден жолды кесіп өту сияқты жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды тіркеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Жаяу жүргінші – жол қозғалысының толыққанды әрі маңызды қатысушысы. Оның жолдағы жүріс-тұрысына көптеген жағдайлар байланысты. Біз азаматтар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, жолда жіберілген қателіктің өмірге қауіп төндіретінін үнемі еске салып отыруымыз қажет. Себебі қауіпсіздік әркімнің өзінен басталады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Арман Усаев.

Жыл басынан бері Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Статистика көрсеткендей, бұл жағдайлардың басым бөлігі жаяу жүргіншілердің өздері тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылықтардың салдары. Атап айтқанда, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, гаджеттерге алаңдау және бағдаршам сигналдарын елемеу — негізгі себептер қатарында.

Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі екенін еске салады.

"Қауіпсіз жол" акциясы аясындағы түсіндіру және алдын алу жұмыстары қала аумағында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру