Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер алаяқтарға алданып қалған әйелдің ақшасын қайтарып берді

Абай облысында полицейлер алаяқтарға алданып қалған әйелдің ақшасын қайтарып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының тәртіп сақшылары алаяқтарға ірі көлемде ақша аударған тұрғынның қаражатын қайтарып берді. Жәбірленуші несие рәсімдеуге көмек көрсетеміз деген алаяқтардың сөзіне сеніп, өз еркімен қаржысын аударған.

Бейтаныс адамдар несие рәсімдеуге жәрдемдесеміз деп уәде беріп, "кепілдік төлем" және "қызмет көрсету ақысы" деген сылтауымен әйелден ақша талап еткен. Алайда бұл – алаяқтар жиі қолданатын әдіс. Қаражат қолдарына тиген соң, олар ізім-ғайым жоғалған.

Алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген әйел бірден полицияға жүгініп, болған оқиға туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдарының жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, жәбірленушінің қаражаты толығымен қайтарылды.

Полиция азаматтарды сақ болуға және қаржылық мәселелерде тек ресми мекемелерге жүгінуге шақырады. Күмән тудыратын ұсыныстар мен күдікті мәмілелерге тап болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру